Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ - 2023

20.05.23 күні Гимназиямызда “ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ - 2023” іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бөлімінің әдіскері Мугалова Галия Куандыковна мен гимназиямыздың ата-анасы Байниязова Гүлжазира Қазиевна сөз сөйлеп іс-шараны ашып берді. Аудандық және қалалық пәндік олимпиадаларда білімдерін сынап, жетістіктерге қол жеткізген, оқу жылында қалалық, республикалық және халықаралық пәндік ғылыми жобаларға қатысып, жетістіктерді иеленген, аудандық, қалалық, республикалық түрлі танымдық сайыстарда жеңімпаз атанған, эстетикалық бағыттар бойынша қалалық, республикалық түрлі ән, би, домбыра, қолөнер, сурет сайыстарына қатысып жүлделі орындарды иеленген, Қалалық, республикалық Қазақша күрес және Сарыарқа аудандық, қалалық волейболдан спорттық жарыстарына қатысып белсенділік танытқан, аудандық , қалалық, республикалық пікір-сайыс турнирлеріне қатысып,ерекше ойын көрсеткен «РУХ» дебат қозғалысының оқушылары мен жетекшілеріне және оқушылардың ата-аналарына алғыс хат беріліп, марапатталды.

Директорға сұрақ қою