Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Бүгін, 21.05.2022 күні, гимназия кітапханасында, "Мектеп миссиясына бағытталған тиімді жобалар" тақырыбындағы қалалық семинар аясында «BOOKWORM» танымдық бағдарламасының кезекті шығарылымы өтті. Бұл шығарылымға семинар қонақтары мен гимназия ұстаздары көрермен ретінде қатысса, өзі оқыған шығарманы ортаға салып, мазмұнымен бөлісуге 5 "з" сынып оқушысы Жусипбай Айдара келді. Сөз басында, жоба координаторы Орақбаева А.А. қонақтарға жобаның құрылымы, мақсаты мен міндеті, жеткен жетістіктері жайында ақпарат берсе, жоба жүргізушісі Куанышбеков Ж.Т. кезекті шығарылымды көрермен назарына ұсынды. Соңында қонақтар өз алған әсерлерімен бөлісіп, жоба жайында ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірді!

0.jpg

00.jpg

Директорға сұрақ қою