Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Бүгін 15.11.2022 ж. І.Есенберлин атындағы №67 гимназияда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен сүрінбей өткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өтті. "Балалар жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес білім сайысы дарынды да білімді оқушыларға тың серпін берді деп сенеміз. Тұғыры биік еліміздің ертеңінің бүгіннен де жарқын болуы – білімді де талантты ұрпақтар қолында.

Бүгінгі құрмет тек қана талант иелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші - мұғалімдеріне, жас таланттардың білім белестерін бағындыруға себепкер болған ата-аналарына да арналды.

Талантты да қабілетті білім алушылар құрметіне «Гармония» тобының орындауында "Бірлігіміз жарасқан" әні , Бақтыбай Ақзеренің орындауында «Арманыма сенемін» әні, 5 «Б» сынып оқушысы Жаннұрдың орындауында «Отаныма» әні, «Салтанат» тобының орындауында «Егемен елім» әні және «Ансамбль» тобының орындауында «Ұстазым, мұғалім, ұстазым «әні орындалды. Бүгінгі олимпиада жеңімпаздарына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде үлкен жеңістер тілейміз!

Директорға сұрақ қою