Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ

2023 жылғы 18 сәуір күні Ақтау қаласынан арнайы іссапармен келген «Сompass education» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айжан Богдановна Кульжабаева мен Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Гульжанат Асановна Абдраманова арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған келісім тараптар арасында білім алушыларға кәсіби бағдар беру аясындағы тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыру үшін жасалды. "Compass education" ЖШС халықаралық нарықта 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатыр және әлемнің ТОП400 ЖОО-мен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Орталықтың филиалы ағымдағы жылы Астана қаласында тұңғыш ресми өкілдігі ретінде гимназиямыздың базасында ашылып, жұмысын бастайтын болады. Бұл елордамыздың абитуриенттеріне үлкен мүмкіндіктер сыйлайтыны сөзсіз. Осы келісімнен бұрын гимназиямыздың жас түлегі Жанжігіт Аңсаған да осы орталықтың мұрындық болуымен қашықтықтан ұйымдастырылған олимпиадада жеңімпаз атанып, Kadir Has University-нде білім алудың барлық жылдарына -75% жеңілдік ұтып алған. Оның жолымен жетістіктерге жететін оқушылардың саны арта түседі деп сенеміз және ісімізді серіктестермен күш біріктіре отырып жалғастыратын боламыз!

WhatsApp Image 2023-04-18 at 23.24.12.jpeg

WhatsApp Image 2023-04-18 at 23.24.12 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-04-18 at 23.24.13 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-04-18 at 23.24.13.jpeg

Директорға сұрақ қою