Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

13.08.22 күні Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия ұжымы "Ұстаздар оқу клубының" кезекті отырысын "Ұстаздар аллеясында" еркін форматта,табиғат аясында демала отырып ерекше,әсерлі көңіл- күйде өткізді. Жиналған әріптестермен Оналбаева Гулнар Беркаевна треннинг жүргізді. Ахметбекова Қарлығаш Ережеповна "Дина Рубина "Наполенов обоз",Базарбекова Мағзия Калеловна Мұхтар Шахановтың "Мәңгүрттенбеу марсельезасы", Раушан Шалдарбековна Өріс Ашүкірқызы "Құдықтағы көмбе ",Мира Шүйіншәлиева "Адасқан ару", Досжан Дүкенбай "Кешірім",Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне",Сейілбек Мырзабай "Балалықтан даналыққа ", Ережепова Гульям Егеубаевна Мағжан педагогикасын,Салтанат Тасболатова "Яссауи феномені" кітаптарынан оқығандарын ортаға салып,ой бөлісті.Сонымен қатар кітап оқу рухани қазынасы мен ұжымның ынтымақта жиі табиғат аясында сұхбат жүргізу жайында Әбусейіт Бірлес, Боданов Аманкелді, Жақсылықов Думан, Тәжібаев Болат, Сағындықова Дамира, Эльмира Каденовна, Балғабек Ердәулет ұстаздарымыз ұсыныстарын білдірді. Гимназия директоры Абдраманова Гульжанат Асановна қорытынды сөз сөйлеп,"Ұстаздар оқу клубы" белсенділеріне оң бағасын беріп,ұсыныстарын жеткізді. Клуб жетекшісі: Смагулова С.Ж.

Директорға сұрақ қою