Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

2022 жылғы 03 қараша күні гимназиямызда "Зерттеуге негізделген тәжірибе" тақырыбында 2022-2023 оқу жылының N 2 педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық әдістемені зерттеу арқылы жетілдіру мақсатында:

  • зерттеуге негізделген тәжірибені ұжымға жариялау;
  • әр пән бірлестігі өз зерттеу тәжірибесін ұсыну;
  • зерттеуге бағытталған проблемаларды анықтау, шешу жолдарын қарастыру, мектепішілік бақылауға алу міндеттері көзделді. Педагогикалық кеңес екі бөлімде жүргізілді. Пленарлық отырыста Астана қаласы ПШО тренері Қызжібек Сатыбалдықызы Абдраманова "Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының оқушының академиялық жетістігіне ықпалы" тақырыбында зерттеу нәтижелерімен бөліссе, "SHARE: Action Research" Астана қаласының желілік үйлестірушісі Сұлтанбек Күйкентайұлы Оразалы "SHARE: мектеп пайымы мен миссиясына бағытталған стратегиялық жоспар" тақырыбында, "SHARE" халықаралық инновациялық жобасының гимназиядағы үйлестірушілері Нурсулу Баракбаевна Досова және Лаура Урустемовна Байкушикова "Іс-әрекеттегі зерттеу оқу мен оқытудың құралы ретінде" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Секциялық бөлімде "Зерттеуге негізделген білім: проблемалар және шешім" тақырыбы аясында әр пән бойынша әдістемелік бірлестік мүшелері талқылау жүргізді, өзара байланысқан тәжірибе алмасу форматында алдын ала белгіленген маршруттармен жылжи отырып, өзге әріптестерінің білім берудегі зерттеулерімен, проблемалары және шешу жолдарымен танысты. ІІ педагогикалық кеңес соңында зерттеулерге негізделген Қаулы қабылданды. Педагогтардың кәсіби шыңдалуына бағытталған ауқымды жұмыстар жалғаса бермек.

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.14.43 (2).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.14.44 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.14.43 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.14.43.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.14.44.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.14.45.jpeg

Директорға сұрақ қою