Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Педагогикалық-психологиялық қызмет

"Тəрбиенің тамыры отбасында" тақырыбында ата- аналарға арналған психологиялық кеңес жұмысы өткізілді

Өткізілген күні: 26.04.2018

Уақыты:18.00

Жиналыс тақырыбы: «Тәрбиенің тамыры- отбасында»

Қатысушылар: Ата-аналар мен сынып жетекшілер

Жалпы саны: 325

Жиналыс барысы: Астана қаласы 67- ші гимназиясында 26 – сәуір күні  "Тəрбиенің тамыры отбасында" тақырыбында ата- аналарға арналған психологиялық кеңес жұмысы өткізілді. Қоғамда бала тəрбиесіндегі отбасы рөлінің маңыздылығы мен жауапкершілік жүгінің тұрғанын, бала көңіліндегі əрбір қыры мен сырын ата- ана аша білу, бала жанына əрдайым жақын болуын жеткізе отырып мектеп пен ата- ана арасындағы бірлескен тəрбиенің ортақ мақсатта серіктестікті жетілдіре түсуді алға тартқан гимназия директоры Гулжанат Асанқызы ата- аналар қауымына өз ойын тарқата сөйледі. Бала тағдыры баршаны алаңдататынын айта келе, балалар мен ата- аналарға жəне ұстаздарға əрдайым қолдау танытып, психологиялық қызмет көрсетуді ұсынған "Астана дарыны" дарындылықты дамыту жəне психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Майра Жаноразқызы ата- аналарға үлкен ой салатын, толғандыратын, отбасында баланың қаншалықты тəрбиені алып жатқанына зер салуын ата- ана міндетін өмірде кездесетін мысалдарды келтіре терең түсінік берді. Бала тəрбиесі соның ішінде қыз балаға тəн қасиет тəлім- тəрбиені бойына ұлттық рухта дарыта білетін Астана қаласы "Қазақ қызы" мəдени- инбаттылық қыздар институтының басқарушы директоры Əбенова Сəлима Əбенқызы ұлт болашағын тəрбиелеу жолында қызмет жасап жаткан институттың берер тəлімінің мəні зор екендігін таныстыра өтіп, мектеп пен ата- аналарды байланыс жасауға шақырды.

Директорға сұрақ қою