Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Тәжірибедегі рефлексия

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби дамуы
Астана   2017 жыл

 «Тәжірибедегі рефлексия»  жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби  дамуы: Әдістемелік құрал. Жалпы білім беретін  мектеп мұғалімдеріне арналған құрал.

 

Досова Нұрсұлу Барақбайқызы.

Оқу құралы. Астана, 2017 ж.- 74 бет

Оқу құралында  мектептегі  оқу үдерісіне интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері қарастырылғын.
Оқу әдістемесінің мектептегі  практикалық қолданысы сипатталады.

 

Мазмұны

Кіріспе...3 бет

Қатысушылар жайлы мәлімет....бет

Бағдарламаның жоспары...бет

Практикалық сабақтар топтамасы...бет

Әлемдікбілім жүйесі  – біздің тәжірибемізде...бет

Глоссарий...бет

Жазбаларға арналған орын...бет

Қолданылғыен әдебиеттер тізімі...бет

 

 Кіріспе

 2016 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  кеңесінің хаттамасындағы тапсырманы орындау мақсатында   жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің  кәсіби даму үшін қолдану мәселесі бойынша, әдістемелік күн аясында педагогикалық ұжымды  «Тең-теңімен» қағидасы негізінде оқыту ұсынылған мұғалімнің кәсіби даму моделі әзірленді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі НЗМ ДББҰ ПШО) жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің кәсіби дамуының 100 акедемиялық сағат көлеміндегі «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасын жасалып,  тәжірибеге енгізілді.

Бағдарламаның  мақсаты – мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушыларды  тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру.

Бағдарлама бойынша мұғалімдерге курс ұйымдастыру барысында мыналарды басшылыққа алынды:

  1. Бағдарламаны іске асыруды жалпы білім беретін мектептерде 2016-2017 оқу жылы мектепішілік курс аясында бастау. Сабақты  НЗМ ДББҰ ПШО-да мектеп тренері Бағдарламасы бойынша курстан өткен және сертификатталған педагог  өткізді.

    2.Курс өткізу барысында бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені қолданылады
  • Мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы.
  • Педагог кадрларға арналған бағдарлама.
  • Тренерге арналған нұсқаулық.
  • Мектеп тренеріне арналған нұсқаулық.
  • Мұғалімге арналған нұсқаулық.
  • Мектеп тренеріне арналған үлестірме материалдар.
  • Мұғалімге арналған үлестірме материалдар. 

3. Қосымша ресурс ретінде НЗМ ДББҰ ПШО www.cpm.kz (форум, блогтар, мұғалімдердің желілік қоғамдастығы) сайтындағы материалдарды және НЗМ ДББҰ sk.nis.edu.kz. порталында орналасқан жүйелі-әдістемелік кешенді пайдалануға болады.  
4. Бағдарлама бойынша оқу қорытындысында тыңдаушылар мектеп тренеріне  портфолио  құрастырып, тапсырды.

Портфолио құрамы:

-       Бағдарламаның бір тақырыбын тәжірибелік қызметіне енгізу негіздемесі мен оқыту және оқу  тәжірибесіне  енгізілген өзгерістердің тиімділігінің талдауы берілген рефлексиялық есеп.

- Бағдарламаның бір тақырыбын тәжірибесіне енгізгенін көрсететін 3 сабақтың жоспары, түсініктемелерімен бірге.

5. Бағдарлама бойынша оқыған мұғалімнің қорытынды аттестаттау шешімін мектеп тренері мен мектеп әкімшілігі ұжымдық түрде тыңдаушы портфолиосының жиынтық бағалауы нәтижесі негізінде қабылдады.
Бағдарламаның толық курсын аяқтаған және қорытынды бағалау рәсімінен табысты өткен мұғалімдерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгі бойынша куәлік табысталды.

   

Педагогика  кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша     

«Тәжірибедегі рефлексия» жоспары

Күн тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.

Бірлескен және  топтық жұмыс. Топтaрда  жұмыс жүргізу әдістемесі.

Сыныптағы оқу үдерісі мен  ондағы өзгерістерді  басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу. қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен  оқушылардың.

4

 

2

Мектеп пен сыныптағы мәдениет

Сыныпта қадағалау әдістемесі.

Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

4

 

3

Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы және оқушылардың жеке  ерекшеліктері туралы пікірі.

Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы  қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.

Оқушылардың пікірі бойынша  құзырлы мұғалімнің  сипаттамасы қандай?  Мұғалімнің  оқушылардың жеке ерекшелігі туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.

4

 

4

Құндылықтар,  көзқарастар, ықпал ету тәсілдері.

Бұдан  әрі даму бағыттары мен  басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтыры мен көзқарастарын нақтылау.

Оқыту мен оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында  зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.

4

 

5

Оқушыларды ынталандыру.

Оқудағы кедергілерді анықтау.Оқудың аффекттік теориясы.

Оқушыларды ынталандыру.Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау.

4

 

6

Әлеуметтік өзара  іс -қимыл.

Оқудағы әлеуметтік  өзара іс-қимыл, әлеуметтік  өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту .

Сабақтың интербелсенді және  инклюзивті болуын қамтамасыз ету.

4

 

7

Оқудағы кедергілер.

Оқудағы кедергілерді анықтау,  соның ішінде  жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.

Оқушылардың қабілеттері  және оқуға жағымды көзқарастары.

4

 

8

Тәжірибені күрделендіру. Қуатты педагогикалық құралдар.

Қалай оқыу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімінің орқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.

4

 

9

 

 

Қалай оқу керектігін үйрету.

Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне байланысты назар аудару.

4

 

10

Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: әңгімелесу және диалогтік оқыту.

Диалогтік оқытудың мәні.

Оқу сапасын жақсартыу  мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.

4

 

11

Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: сын тұрғысынан ойлау.

Сын тұрғысынан ойлаудың мәні.Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды  пайдалану.

4

 

12

Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: сын тұрғысынан ойлау.

 Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды  пайдалану.

Сын тұрғысынан ойлау  дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау.

4

 

13

Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар:  оқу үшін бағалау  және оқуды бағалау.

Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін  бағалаудың (ОүБ) мәні.

4

 

14

Тәжірибені түрлендіру. ҚПҚ:  оқу үшін бағалау  және оқуды бағалау.

Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.

4

 

15

 Қуатты педагогикалық құралдар:  оқу үшін бағалау  және оқуды бағалау.

Сабақта ОүБ әдістемесін пайдалану.

4

 

16

Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар:  оқыту мен оқуда (АКТ) пайдалану

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалану мақсаттары .

Оқу сапасын арттыру мақсатында  сыныпта АКТ пайдалану әдістемесі.

4

 

17

Сабақты жоспарлау.

Сабақтың сараланған оқу нәтижелерін әзірлеу.

Оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған жаттығуларды  жоспарлау және Бағдарлама тақырыптарын ықпалдастыру.

4

 

18

Сабақты жоспарлау.

Бағалау  критерийлерін  белгілеу.

Оқу  нәтижелеріне қол жеткізуге арналған  жаттығуларды жоспарлау және Бағдарлама  тақырыптарын ықпалдастыру.

4

 

19

Сыныптағы оқуды басқару.

 Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында  өзгерістерді жоспарлау.

4

 

20

Сыныптағы оқуды басқару

Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында  өзгерістерді жоспарлау

4

 

21

Оқыту тәжірибесіне Бағдарлама тақырыптарын енгізу.

Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді  жоспарлау.

 

4

 

22

Сабақты зерттеу әдісі.

Оқыту мен оқу  үдерісін жақсырту мақсатында сабақта зерттеу  әдісін қолдану.

Сабақты зерттеудің  тақырыбын белгілеу.

4

 

23

Сабақты зерттеу әдісі.

Оқыту мен оқу  үдерісін жақсырту мақсатында  сабақта зерттеу  әдісін қолдану.Мектептегі сабақты зерттеудің  табыс критерийлері.

4

 

24

 

Бағалау.

Мұғалімдердің оқыту және  оқу  тәжірибесіндегі өзгеріс енгізу үдерісін бағалау.

4

 

25

Бағалау.

Мұғалімдердің оқыту және  оқу  тәжірибесіндегі өзгеріс енгізу үдерісін бағалау.

4

 

1 академиялық сағат- 45 мин.

100 академиялық

сағат

Бағдарлама бойынша  барлығы:

 

 Мұғалімнің рөлі

Дәстүрлі  оқу

Инновациялық оқу

 

Мұғалім тәлімгер, жетекші   ретінде

Кері байланысты  және әр  оқушыға  қолдау  көрсетуді қамтамасыз етуші

 

Мұғалім есепке алу маманы ретінде

Топтығы  жұмыс  үдерісі ұйымдастырушы, диагностикалық ақпарат  жинастырушы

 

Мұғалім  баяндамашы ретінде

Оқушылардың өсуі және жетістіктері туралы жазу

 

 

Өзгеріске қатысты  ата-ана,  оқушы және мектеп әкімшілігіне баяндау

 

Сабаққа дейін

Сабақ кезінде

Сабақтан кейін

Сабаққа дейін

Сабақ кезінде

Сабақтан кейін

0

70/80%

20/30%

30/50%

20/30%

30/50%

 

          Дәстүрлі   білім беру мен инновациялық оқытудың айырмашылығы

Дәстүрлі   білім беру

Инновациялық оқу

Мұғалім

Білім көзі, белсенді үйретуші (солист, актер, асаба)

Таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, бағыт сілтеуші, құрастырушы

Мәліметтер, ақпараттар береді. Өзі  жасаған  қорытындылар мен тұжырымдарды  келтіреді. Оқушы білімін  тексереді.

Оқушыда мынандай қабілетті дамытуға  ұмтылады:

-өзіндік әрекеттер мен  көзқарас қалыптастыру мен дамыту;

-ақпаратты өздігімен  игеру, талдау,  шешім қабылдау,  мазмұн құру;

-проблемены айқындау және оның  шешу  жолдарын қарастыра білу;

-Келіссөздер және пікірталас жүргізе білу

Оқушы

Ырықсыз, бәсең,  орындаушы, қайталаушы, тыңдаушы

Белсенді,  өз біліміне деген жауапкершілікті  түсінуші,  білімді өздігімен игеруші, өз қажеттіліктерін айқындаушы

Бастамашылық пен ынтаны көрсетпейді,  үнемі  қадағалап, бақылауды қажет етеді.

Сабаққа енжер,   қызығушылығы мен жауапкершілігі жоқтың қасы

Білімді өздігінен игереді, білімді өзіндік түсінік, ойлар, көзқарас деп түсінеді.

Өз біліміне деген  жауапкершілігі жоғары,  қысым жасауды қажет етпейді.

Бастамашыл белсенді

Әдістемелік ұстаным

Білім дайын күйде беріледі, шығармашылыққа жол берілмейді. Оқу/оқыту –есте сақтау деп түсінеді

Білім дайын түрде берілмейді,  өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға неізделеді. Диалогтық қарым-қатынас,  сыни көзқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделелді

 

 Практикалық сабақтар топтамасы

 

топ -01

Тақырып

Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер меноқушылардың көзқарастары.

Мақсаты

Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.

Түйінді

идеялар

Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.  әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Оқушының табысты жұмыс істеуіне және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.

 

Сабақ барысы:09.00-10.30       14.15-15.45

 

Уақыт

Тренердің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

Ресурстар

10 минут

 

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

«Кемедегінің жаны бір»  кеме мүшелерін  анықтау және рөлдерді белгілеу /не істейді?/

Тыңдаушылар кеме мүшелерін анықтайды, олардың міндеттерін белгілейді. Араласа жүріп, тоқтаған кезде кеме мүшесін жинайды. Сол арқылы топқа бөлінеді.

 

20 минут

 

 

Танысу парағын толтыру.  Қосымша сұрақтарды белгілейді.

 

Басқа топтардағы адамдармен ақпарат алмасу

 

 

Топқа жиналу, ақпаратпен бөлісу.

Парақта берілген сауалдарды толтырады. Қосымша сұрақтарды белгілейді. Өздерін қызықтырған бөлім бойынша басқа топ мүшелерімен /3 адамнан кем емес/ сауалнама сұрақтары бойынша ақпарат алмасады.Тыңдаушылар топқа жиналады, басқа топ мүшелерімен қызықты болған ойларымен бөліседі.

 

Танысу парағы

15 минут

 

 

топтық жұмыс

Сабақ барысында

І. Топта жұмыс істеудің қандай артықшылығын байқадыңыздар?

Тыңдаушылар жүргізілген жұмыс негізінде топтық жұмыстың  артықшылығын айтады. Қиындықтарды болжайды, топтық жұмысты ұйымдастыру барысында нені ескеру қажеттігін түйіндейді.

Тақтаға жазып қоямыз.

«Комплимент» ойыны.

тақта, бор

25 минут

 

Топтарға ресурстар таратып беріледі. Таныса отырып, топта талқылайды. Тәжірибелеріне негіздейді.

білемін

жаңалық

солай деп ойлағанмын не келіспеймін

түсінбедім не қосымша туындаған сұрақ

 

 

 

 

Тыңдаушылар топты ұйымдастырудың ережесі, жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы тәжірибесімен бөлісе отырып қорытынды жасайды, тәжірибесін қайта қарастырады, жетілдіру бағыттарын айқындайды.

 

 

«Екі жұлдыз бір тілек»

15 минут

 

«Қаздар» филімін  көрсету. Ойларын жинақтап, қорытындыға әкелу.

 

Топтық жұмыстың сапалы болуы үшін қажетті шарттарды айқындап, ұсыныс әзірлейді. Видеоматериал негізінде қорытындылайды.

 

  

  

Тақырып

Мектеп пен сыныптағы мәдениет

  1. қадағалу әдістемесі.
  2. оқу ортасы

Мақсаты

Мектеп пен сыныптағы мәдениет туралы ақпаратқа баға беріп, жаңа көзқарас туындайды.

Нәтиже

Мектеп пен мәдениетті тізбектейді. Ахуалдарды сынайды.Мәдениет дәрежесіне назар салады.Мектеп пен сыныптағы мәдениеттің оқытудағы әсерін саралайды.

Түйінді

идеялар

Мектеп пен сыныптағы мәдениеттің оқытудағы әсерін  қайта қарастырады. Сыныпты қадағалу әдістерімен  танысып,  маңыздылығын анықтайды.  Әлемдік   талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Оқушының табысты жұмыс істеуіне  қолайлы  ортамен   қамтамасыз ету  арқылы мәдениетті оқу ортасын   қалыптасады.

Уақыт

Тренердің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

Ресурс

 

 

10 минут

«Мүсінші және  саз балшық»   (көңілді психологиялық ахуал )  тренинг 

Зейінді шоғырландыру: Сыныпта  зейін не  үшін қажет?

Түрткі сұрақ.

Тренинг жасау арқылы сергіп, жағымды  ахуал  орнайды.

Зейінді шоғырландыру жаттығуы:  Көзін жұмады............... көзін ашақанда  көз алдында қандай өзгеріс болғанын  айтады.  Қадағалаудың маңыздылығын саралайды. Қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған түрін салыстырады, түсіндіреді.

 

15 минут

Ой қозғау сұрақ«Тарих сабағы»  бейне филімді көреді.Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді,  біреуіне құрылымдалған, екіншісіне құрымдалмаған қадағалау  тапсырылады.

Түйінді сұрақ:

Біз нені қадағаладық?

Мұғалім үшін қадағалау неге маңызды?Қадағалаудың мұғалім  және мектеп үшін  маңыздылығы неде?Мәдениеттің сыныпта, мектептегі  нормаларын қалыптастыруда мұғалімнің ролі қандай болмақ?Қадағалауда  құрылымдалған  және құрылымдалмаған кестелердің айырмашылығы неде?

Тыңдаушылар тең бөлініп, екі шепке /қарғалар мен шымшықтар/ тұрады. Шымшықтар дегенде бұл шептегілер жан-жаққа қаша жөнеледі де ұяға жетіп алуға тырысады, ал келесі топ барынша көп шымшықты ұстап алуға тырысады.. Бейефилімді көреді, түйген ойларын ортаға салып, ой бөліседі. Сыныпты қадағалаудың маңыздылығын анықтайды. Мәдениеттің маңыздылығын саралайды, оның оқушыларды тиімді оқытудағы атқаратын ролін талқылайды.

 

Құрылымдал ған қадағалу парақшасы

20 минут

  1. Мұғалім үшін қадағалау неге маңызды? Қадағалаудың қандай тиімді жолдарын қарастыруға болады? Қадағалаудың мұғалім  және мектеп үшін  маңыздылығы неде? Мәдениеттің сыныпта, мектептегі  нормаларын қалыптастыруда мұғалімнің ролі қандай болмақ?

Қадағалаудың  тиімді жолдарын қарастырады, таңдайды. Мәдениет туралы пікірін ортаға салады, алдағы жұмыстарын жобалайды.

(Білім беру платформасынқара).

маркер, флипчарт

20 минут

 

  1. Тапсырма.

Мәтінмен жұмыс жасағанда нені қадағалаймыз? «Құрылымдалған» кесте құрыңыздар және әр топтан қадағалаушы алып, топты қадағалап, нәтиже шығарыңыздар.

Мектептегі мәдениеті Хофстеда бойынша қай дәрежеге жатқызасыз?

Тыңдаушылар рестурсты қарастырады. Хофстеда бойынша мектеп мәдениетін жіктейді. Топтар белгілікті бөлік бойынша сұрақтар әзірлейді және әр топтан бір адамнан шығып, ортада қойылған сұрақарға жауап береді.

 (Білім беру

платформасы).

 

20 минут

 

  1. Тапсырма.

«Мектеп мәдениеті» ұғымын ресурстармен арқылы  танысады. Ресурста берілген ақпаратты қазақстандық білім беру мәдениеті жағдайында бейімдеу мүмкіндігін анықтайды.

Тыңдаушылар топта мәтінмен танысады, салыстыра отырып, мектептегі ахуалды талқылайды, жұпқа бірігіп,  баған бойынша жақсарту амалдарын ұсынады.

(ББП).

10 минут

 

Қорытынды : қадағалау парағы бойынша қорытынды жасайды. Қадағалау не үшін  керек?

Рефлексия «3/2/1»

3 есте сақтайтын ұғым

2 сабақта қолданатын тұс,  

1 сұрақ

 

 

5 минут

 

 

 

 

«Бес  саусақ» тәсілі

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай?

Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта/ жұпта  қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек- ойлану. Мен бүгін  қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

 

  

Глоссарий

Кері байланыс-   көздеген мақсатқа жетелейтін нақтылы іс-әрекеттер жөнінде комментарийлер айту және алу. Оқушыларға олардың өткен жұмыстарына қатысты олардың міндеттерін қаншалықты жақсы орындағанын айту маңызды.Оқушыларға өздерінің қалай оқып жатқанын түсіну қажет. Істі жақсарту үшін  қатысушылардың  іске байланысты пікірі.

Рефлексия-   іс-шараны өткізен адам  өзіне,  ісіне талдау жасайды. Не сәтті, не сәтсіз?

Қадағалау əдістері дегеніміз– бұл оқушылардың оқу танымдық іс — əрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға жəрдемші жол, тəсілдер.

Оқу процесіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен.

Алдын-ала қадағалау — əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.

Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.Бұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Мерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.

Тақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.

Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді.

Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді.

SWOT - стратегиялық жоспарлаудың әдісі, ұйымның ішкі және сыртқы факторларын көрсетеді.  Алғаш рет SWOT талдауды енгізген профессор Кеннет Эндрюс. 1963 жылы Гарвардта бизнес пен саясатқа арналған конференцияда айтылды. Бұл талдау 4 категорияға бөлінеді.

Strengths- әлді, мықты тұстары.

Weaknesses- әлсіз тұстары

Opportunities- мүмкіндіктері.

Threats- қауіптері Жазбаларға арналған орын

  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 жыл.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016 жыл

3. Философия и методы RWCT в действии. Под ред. С. Мерсеитовой. Алматы: ИздатМаркет, 2004.

4. Халперн Д. Психология критического мышления. — СПб.: Изд-во «Питер», 2000.

5. Тaлaнтты жәнe дaрынды бaлaлaрды oқыту   Мұғaлiмгe aрнaлғaн НҰСҚAУЛЫҚ.

6. Үлестірмелі  материалдар

7. Асхат Әлімов:  «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдпну» Алматы 2015ж.

8. Педагогикалық диалог ақпараттық-әдістемелік журнал, 2015ж.

9. Дьюи Д. Психология и педагогика мышления. –М: Совершенство, 1997.

10. Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы. –Астана 2010. 45-48б.

11. Ұстaздaн қaлғaн ұлaғaт ғаламтор  жeлiсi

Директорға сұрақ қою