Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Отбасы клубы

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

 Мақсаты:

     Елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу. Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, іргесі берік жарасымды отбасы қалыптастыруды насихаттау. Жалпы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы–тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.Ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Міндеттері:

  • Рухы асқақ, іргесі берік отбасын қалыптастыру;
  • отбасылық құн­дылықтарды жандандыру, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды  жаңғырту;
  • ер азамат ұғымы отбасының қорғаны, елдің панасы болар тұлға екенін дәріптеу;
  • Жалпы отбасылық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту;
  • Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиеде дамыту;
  • Жалпы отбасылық құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу.

Құндылықтар

  • Отбасы–ұлттық құндылықтарды қалып­тастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы;
  • салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, даналық сөздер, тыйым сөздер, тәрбиелік мәні жоғары ұлттық ерекшеліктер;
  • ата тәрбиесі; әже тәрбиесі; әке тәрбиесі; ана тәрбиесі; жігітке тән қасиет
  • қызға тән қасиет; ұлттық мәдениет, өнер, қолөнер, айтыс, терме, жыраулар, құсбегі, атбегі.

 «Отбасы құндылығы» клубының жылдық жоспары

 № 

  Өткізілетін іс-шаралар

  Мерзімі

  Жауапты

 1

  Отбасылық құндылықтарды насихаттауда іс-шаралар ұйымдастыру, дәріптеу.

  Жыл бойы  

  Б.Т.Бұлғиев

 2

  «Мектепке жол» акциясына атсалысу,тұрмысы төмен отбасыларға көмек беру

  Қыркүйек

  А.Алжаппарова

  Қ.Байбатшинов

 2

  Отбасылық спорттық іс-шара "Әкем, анам және мен" (бастауыш сыныптар)

  Қазан

  Г.Берікханова

  Әлкей Баян

 3

  «Мерейлі отбасы» мектепішілік отбасылық сайыс

  Қараша

  Б.Т.Бұлғиев

  Ж.Ахметова

 4

  «Өнерлі отбасы» сайысы. Өнерлі отбасылар арасында мектепішілік сайыс өткізу.  

  Наурыз

  Заманбек Алтынгүл

  Жақсыкелді Борин

 6

  «Үлгілі отбасылар алеясы» күні.

  «Үлгілі отбасылар» алеясына ағаш отырғызу

  Сәуір

  Б.Бұлғиев

  Ш.Новаева

 7

Оқу жылы қорытындысы негізінде үлгілі отбасыларды марапаттау.

  Мамыр

  Г.Абдраманова

  Б.Бұлғиев

  

Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын,  күрделі мәселeлерді терең өте дәл жеткізетін қысқа қайырымды даналық сөздер.

  • «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды»;
  • «Аға әдепті болса, іні әдепті. Апа әдепті болса, сіңлі әдепті»;
  • «Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың»;
  • «Әдепті жігіт өсірсе, ауылдың абыройы»;
  • «Жібек мінезді қыз жұртқа жағады»;
  • «Қызым үйде, қылығы түзде»;
  • «Егін өнбесе қайғы — бір жылдық, балаң оңбаса қайғы — ғұмырлық»;
  • «Әкені көріп ұл өсер, ананы көріп қыз өсер»;
  • «Бала тәрбиесі – бесіктен»;
  • «Жақсы қыз жағадағы құндыз, жақсы жігіт көктегі жұлдыз.
  • «Атадан жақсы ұл туса есіктегі басын төрге сүйрер.
  • Атадан жаман ұл туса төрдегі басын жерге сүйрер»
  • «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол»

 Отбасы құндылығынан жоғалып бара жатқан қауіп

Бауыржан Момышұлы:

  • Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан  қорқамын;
  • Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын;
  • Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын – деген екен.

 Отбасы құндылығын құндақтауға қажетті ұсыныстар

  • Қазақтың отбасы құндылығын жоғарғы деңгейге көтеру үшін «отбасы клубының»  ұсыныстары:
  • Халықтың санасына, тәрбиесіне ықпалы зор телеарна арқылы отбасы құндылықтарын насихаттайтын бейнероликтер көру;
  • Отбасылық уақыттарда қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсететін отбасылық бағдарламаларды көріп, отбасылық талдау; 
  • Мектептер мен жоғары оқу орындарында отбасы құндылықтарын дәріптейтін арнайы бағдарлама түзу;
  • Ұлттық салтты, дәстүрді насихаттайтын кітапшаларды көбейту;
  • Отбасы құндылығын қолдайтын арнайы қор ашу;

 

Отбасы құндылығын негіздейтін дерек сөздер:

         Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі–әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Халқымыздың ұлы ақыны хакім Абай баланың өмірді танып-білуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата-ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі–ата-анадан, екіншісі–ұстазынан, үшіншісі–құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр«Отан–отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі–әке мен ана. Адамды әлеуметтендіру, яғни оның қоғамға енуі, өзгелермен қарым-қатынасы отбасынан басталады. Үлкенді құрметтеп, қадір тұтуды, сыйласа білуді қазақтар отбасында берік ұстанған. Отбасылық құндылықтар–ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты–елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.
Батырлық рухтың үлгісі ата–баба-әке тәрбиесінен бастау алғандығы  шындық. Қазақ даналығы айтқандай, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің».

 

Отбасы құндылығы-презентациясы

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Отбасылық құндылық- тәрбиенің негізі»

Жоспары:
1. Ата-аналармен тренинг-1 минут
2. Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі). Роликтен үзінді-12 минут
3. Ойланайық, пікірлесейік «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу-5 минут «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?  Ролик отбасы туралы(Роликтегі көрініске пікір білдіру)
4. «Бақытты отбасы» модулін салу-5 минут плакатқа  «Бақытты отбасы модулін» сурет арқылы көрсету
5. Ойларын ортаға салу-5 минут

Қорытынды

   Халық айтатын "Отан-отбасынан басталады" сөзі отбасы сынды барлық стратегиялық маңыздылығын айқындап тұр. Бүгінде жаһандану үрдісінде тіл, дәстүр, мәдени-тарихи құндылықтардың қайнар бастауы болып табылатын киелі мекен-туған жер, ұшқан ұя, отбасы екендігін терең түсінеміз. Тәрбие басы-әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап   құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Отбасы- қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан. Ол – үйдің отағасы, балалардың әкесі. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны «ана» деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады. Дүниеде қазақ деген ұлт-біреу, демек, оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да- жалпы қазаққа бірдей заң, оның ғажайып мол рухани қазынасы да-бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына-деген сөздермен ойымызды қорытындылай келе, мемлекет беріктігінің негізі- отбасы бірлігінде, ал отбасының беріктілігі қазақ халқы болғалы ұлттық сал-тәстүрмен санаңа сіңетін отбасы құндылықтарын берік сақтауда екенін білейік! 

    Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен отбасылық құндылығы жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен мұғалімнің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Бала үйде не көреді, соны үйренеді». Ата- аналар соған үлгі.

1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.
2. Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.
3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.
4. Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
6. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән тыңдаңыз.

   Мысалға біздің көзімізді алайық. Жарық – бұл біздің көзімізге енетін, нерв жүйелері арқылы өтіп, импульске айналатын, сосын миымызға жететін электромагнитті толқын және сана көз алдында өтіп жатқан бейнені қабылдайды. Мына суретке қарайық: Біз не көріп тұрмыз? Барлығы дерлік: «Мен қара нүктені көріп тұрмын», - дейді. Суретке тағыда бір рет қараймыз. Дәл сурет мынадай: «Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте бар». Мәселе біз басқалардың бойынан тек қана қара нүктені ғана көреміз, ал жан - жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз. Шын мәнінде «ақ» нәрселер өте көп, ал біз оларды байқамаймыз. Біз өзіміздің ғана мәселелеріміз бен қиындықтардан алатын пайдамызды байқамаймыз, солардың арқасында шыңдалатынымызды және өсетінімізді ескермеймі

 

Отбасы құндылығы клубының мүшелері

 № 

  Аты-жөні

  Туылған жылы  

  Кәсібі

 1

  БұлғиевБактықали Темірғазыұлы

   21.12.62

  Т.І.Ж.Д.О

 2

  БоринЖақсыкелді Сейфуллинұлы

   18.08.74

  Жеке кәсіпкер

 3

  Әлкей Баян Алтынбекқызы

   29.10.80

  Зертханашы

  4

  АхметоваЖанар Джумабайқызы

   29.06.77

  Кәсіби медиатор

 5

  НоваеваШолпанЖаңабайқызы

   22.12.81

  Әдіскер

 6

  Байбатшинов Қайрат 

 

  Жеке кәсіпкер


Директорға сұрақ қою